Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылардан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және билетті сатып алу кезінде жұмыстарды жүргізу мерзімін ескеруді сұрайды. Жөндеу жүргізу мерзімдері отандық авиакомпаниялармен келісілгенін және ұшуды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесімен шартталғанын атап өту қажет.
Айта кетейік, өткен жылдарды талдау бойынша дәл осы кезеңде жауын-шашынның ең аз мөлшері түседі, сондай-ақ асфальтбетон зауыттары үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан бұл жөндеу үшін ең қолайлы кезең.
Сонымен, жөндеу жоспары бойынша ұшу-қону жолының жекелеген учаскелерінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты ауыстырылады. Ұшуды қамтамасыз ету бойынша жарық сигнал беру жабдығы да жөнделеді.