Теннис • 17 Шілде, 2023

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Уимблдон 2023 қорытындысы бойынша жаңа рейтингті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Үздік үштік өзгеріссіз қалды. Рейтингтің көшбасшысы - польшалық Ига Швентек, екінші орында белорусь Арина Соболенко, ал Рыбакина үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Рыбакина Уимблдон-2023 турниріне қазіргі чемпион статусында келген. Турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы ширек финалға шығып, финалист Онс Жаберден ұтылып қалды, ол өз кезегінде чехиялық Маркета Вондроусовадан сенсациялық түрде ұтылды. 

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева төрт саты төмендеп, 60-орынға тұрақтады.