Қоғам • 17 Шілде, 2023

Орман шаруашылығы комитетінің басшысы қызметінен кетті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Нұрлан Қылышбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орман шаруашылығы комитетінің басшысы қызметінен кетті
«Бүгіннен бастап, басқа жұмысқа ауысуыма орай, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы қызметін тоқтатамын. Еліміздің табиғат қорғау саласының дамуына үлес қосу мен үшін үлкен абырой және жауапкершілігі мол қызмет болды. Әріптестеріме алғыс білдіре отырып, алдағы еңбектеріне сәттілік тілеймін!», деп жазды Нұрлан Қылышбаев өзінің Instagram парақшасында.

Нұрлан Қылышбаев 1971 жылы Талдықорған қаласында туған. Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1993 жылы «Талдықорған – Нижний Новгород» сауда үйінің жетекші маманы болып бастаған.

1994-1999 жылдары Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің жетекші инженері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарында қызмет етті, сонымен қатар Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі болды.

1999-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Алматы облысының табиғи ресурстар басқармасында түрлі қызметтер атқарған, коммерциялық ұйымның президенті болған.

2013-2016 жылдары - Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.

2016-2017 жылдары - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесінің хатшысы.

Нұрлан Қылышбаев 2022 жылдың 4 ақпанында ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалған еді.