Жемқорлық • 17 Шілде, 2023

Жамбыл облысында 7 млн теңге жымқырған бас есепші сотталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 7 млн теңге жымқырған бас есепші сотталды

«Құлан-Энерго Жылу» мекемесінің бас есепшісі төлем тапсырмаларымен КМК-ның бюджет қаражатын өзінің карточкалық шоттарына аударған. Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін төлем тапсырмаларының бағанына тауарлар, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметтер үшін төлемдер ретінде төлемнің мақсатын көрсеткен. 

«Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық соттың 23 маусымдағы үкімімен кәсіпорынның бас бухгалтері қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ коммерциялық және өзге де ұйымдарда 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Заңсыз аударылған қаржы мемлекетке толық көлемде қайтарылды.