Дәулет Кәрібек 1990 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеге келген.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы. Президент жастар кадр резервінің мүшесі.
2009 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатында түрлі лауазымдарды атқарды.
2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.
Астана қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және «AMANAT» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол сондай-ақ Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.
2022 жылдың 14 наурызынан бері «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарып келген.