ANTIKOR • 18 Шілде, 2023

Түркістан облысында 18 млн теңге пара алмақшы болған шенеуніктер ұсталды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 18 млн теңге пара алмақшы болған шенеуніктер ұсталды

Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді. Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.