Қоғам • 19 Шілде, 2023

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады

1664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғарғы сот биылғы мамыр айында кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Аудандық сот төрағасы қызметінен босатылады

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгенін хабарлағанбыз.

Мемлекет басшысы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

14 шілде күні кісі қолынан көз жұмған 5 жасар бүлдіршіннің денесі жер қойнына тапсырылды.

Кейінірек Сарыағашта қыз зорлады деген күдікті мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды.

Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды.

Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың шаңырағында болып, туыстарына көңіл айтқан еді.

Күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.