Қала әкімдігінің жазуынша, апатты ағаштарды анықтайтын арнайы жасыл комисссияның құрамында экологтар, биологтар, экобелсенділер бар. Сондай-ақ ағаштардың апаттылығын анықтау мақсатында институттардың ғылыми қызметкерлері, қала тұрғындары тартылып, мұқият талдау жасалады.
Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта шаһар аумағында апатты ағаштарды кесуге 35-тен астам техника мен 180-нен астам адам жұмылдырылған. Жұмыстар жасыл желектерді күтіп ұстау талаптарын сақтай отырып жүргізіледі, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына жасыл желектерді кесудің басталғаны туралы алдын-ала хабарланады. Бұған дейін арнайы белгілер орнатылып, аумақтар қоршалады.