Футбол • 20 Шілде, 2023

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне жолдама алды

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» командасы Тбилисидің «Динамосымен» қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне жолдама алды

Астанадағы алғашқы матчта командалардың ойыны 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

Тбилисидегі  кездесуде Қазақстанның  «Астана»  командасы грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын 1:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Aikun.kz сайтының дерегінше стадионға шамамен 5 мыңға жуық жанкүйер жиналған, оның ішінде Қазақстаннан 150-ден астам жанкүйер арнайы келген.

Екінші кезеңде «Астана» хорватиялық «Динамо Загреб» командасымен кездеседі.

Бұған дейін бір-екі рет бақ сынасқан аталмыш командалардың бірінші ойыны 25 шілде күні «Динамо Загреб» командасының алаңында өтсе, қарымта кездесу 1 тамызда Қазақстанда «Астана аренада» өтеді.