40 жасар Михаил Радуга жақында көшіп келген Алматыдағы үйінде өзіне трепанация жасаған. Оны жасаудың алдында, ол сағаттар бойы ютубта нейрохирургтердің жұмысы туралы бейнероликтерді зерттеген, тіптен, бес қойға эксперимент жасап көрген. Соңыра Михаил Радуга өз басын бұрғылап, теріні қыстырғыштармен бекітіп, миына электродты имплантациялаған.
Ол операция кезінде әрең аман қалған.
Михаилдың бір ғана мақсаты болған. Ол басына орнатылған электрод мидың моторлық қыртысын ынталандыра отырып, ұйықтаған кезде оған өзінің түстерін басқаруға көмектеседі деп ойлаған.
Аталған операция туралы естіген Оксфорд университетінің кеңесшісі, нейрохирург Алекс Грин Михаилдың инсульт алуы немесе эпилепсияға шалдығуы мүмкін екенін айтқан.