Теннис • 21 Шілде, 2023

Елена – эйс ханшайымы

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әлемнің үшінші, еліміз­дің бірінші ракетасы Елена Рыбакина 2023 жылдың алғашқы жарты ­жы­лы­­ның қорытындысы бойынша эйс жасау көрсеткіші бойынша бірін­ші орында тұр.

Елена –  эйс ханшайымы

Биылғы маусым Елена үшін аса табыс­ты өтіп жатыр деуге болады. Жыл басында ол Мельбурнде өткен Аустралия ашық біріншілігінің финалына дейін алқынбай жетсе, наурыз айында Индиан-Уэллстегі аса ірі халықаралық турнирде топ жарды. Одан кейін ол Майамидегі тағы бір аса ірі доданың финалында бақ сынады. Ал жуырда ғана Лондонда өткен «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың ширек финалына дейін жетті. Бұл – теннис әлеміндегі ең үздік көрсеткіштердің бірі саналады.

Сонымен қатар Рыбакинаның бұдан бөлек те ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері бар. Мәселен, ол биыл 44 матчта кортқа шы­ғып, 349 мәрте эйс жасаған екен. Яғни бұл да биыл­ғы теннис тарихындағы ең үз­дік көр­сет­кіш ретінде тіркеліп отыр. Эйс жасау бо­йын­ша рейтингте екінші орынға фран­ция­лық Ка­ролина Гарсия (305), үшінші сатыға Беларусь өкілі Арина Соболенко (275) жай­ғас­қан.