Спорт • 21 Шілде, 2023

Ерхан Бексұлтанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының соңғы күні өтті. Еркін күрестен 5 келі салмақ дәрежесіндегі белдесулерде балуандарымыз ел қоржынына 4 жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz SportPress.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерхан Бексұлтанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Фото: Күрес түрлері федерациясы

74 келіде сынға түскен Ақмола облысының балуаны Ерхан Бексұлтанов финалда ирандық Хосейн Аббас Мұхаммадты 10:0 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қоса 61 келіде Әбдінұр Нұрланбек, 86 келідегі Иманғали Қалдыбек, 92 келілік Нұрдәулет Бекенов құрлық чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте еркін күрестен Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Тоғыз күнге созылған дүбірге толы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.