Теннис • 21 Шілде, 2023

Александр Недовесов ATP 250 турнирінің финалына шықты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Бастада (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 сериясындағы турнирдің жұптық сайысында финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
 

Александр Недовесов ATP 250 турнирінің финалына шықты

Жартылай финалда қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен италиялық Никола Симоне Болелли мен Андреа Вавссориді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Енді финалда Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар бразилиялық Рафаэл Матос пен португалиялық Франсиско Кабралмен ойнайды.

Финалдық ойын ертең, 22 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, бұл Недовесовтың ATP 250 сериясындағы турнирлердің жұптық сайыстағы бесінші, биылғы үшінші финалы.