Оқиға Үшарал-Достық автожолының 55 шақырымында болды. Онда Kia Soul мен Toyota Camry соқтығысқан.
Алдын ала болжам бойынша, 46 жастағы әйел Kia көлігінің рөліне ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Салдарынан оқиға орнында Toyota-да болған 3 жолаушы көз жұмды.
Екі көліктің де жүргізушілері, сондай-ақ 3 жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.