Аса ауылында тұратын Орынбасар Көбеевтің техникасы қазір жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысатын оған қыстыгүні жем-шөп тасып, қи шығару едәуір қиындық тудырғандықтан қора- жайға сыйымды болатын трактор жасауды қолға алыпты. Ол трактор шанақтарын қалдық темірлерден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.
Ол техникаға «Барыс-86» деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, шағын тракторы 200 келіге дейін жүк көтеріп, 2 тонна болатын көлікті сүйрей алады.
Өнертапқыш Орынбасар Көбеев шағын тракторымен көрші-қолаңдары мен ауылдас ағайынға да қолғабыс етіп жүр.