«Ресми ақпаратқа сүйенсек, жарты жылда Астанада АИТВ инфекциясының 206 жағдайы тіркелген. Қателеспесем, екі жағдай жасөспірімдер арасында анықталған», деді Сархат Бейсенова.
Бұдан басқа, елорданың бас санитарлық дәрігері қалада қызылша, А және В гепатиті аурулары да белең алып бара жатқанын тілге тиек етті. Осы тұста Сархат Бейсенова белгісіз жерлерде және субұрқақтарда суға түспеуге кеңес берді.