Мультимедиа • 24 Шілде, 2023

Twitter желісінің атауы өзгерді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Twitter әлеуметтік желісі логотипі мен атауын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Twitter желісінің атауы өзгерді

Twitter өзінің ресми аккаунтында өз атауын «X» деп өзгертті, сонымен қатар басты суреттегі көк фонда әдеттегі құстың орнына қара логотипі бар ақ «Х» әрпін орнатты.

в

Твиттер иесі, америкалық миллиардер Илон Маск бұған дейін өз парақшасында компанияның бас кеңсесінің түнгі суретін бөліскен еді, ондағы ғимарат жаңа логотиппен ерекшеленген.

Алдыңғы күні кәсіпкер x.com домені желі қолданушыларын Twitter-дің басты бетіне қайта бағыттайтынын айтқан.