Сенат • 24 Шілде, 2023

Сенаторлар Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы бірқатар елді мекендерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Ордабасы ауданының жұртшылығымен кездесті

Сенаторлар сапар барысында облыстың бірқатар стратегиялық маңызды нысандары мен фермерлік шаруашылықтарында болды. Парламентшілер аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және жастар ұйымдарының басшыларымен де кездесті. Тұрғындар кездесу барысында су арнасының құрылысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы және өңірдегі әлеуметтік нысандардың құрылысына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Депутаттар өз кезегінде көтерілген мәселелер бақылауда болатынын және тиісті органдардың назарына ұсынылатынын жеткізді.