Қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 19:14-те болған. Қаратау аудандық унитарлық кәсіпорнының 102 пультіне қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқақта бала қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы 10 жасар жасөспірімнің абайсызда суға түсу кезінде суға батып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде баланың денесінде көзге көрінетін жарақаттар табылмады.
Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі ІІБ ТЖД-да тіркелді.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.