Әлем • 25 Шілде, 2023

Данияда да Құран өртенді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Данияда наразылық білдірушілер Ирактың Копенгагендегі елшілігінің алдында Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл туралы Reuters хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Данияда да Құран өртенді

Өздерін «Дания патриоттары» деп атаған бір топ наразылық білдірушілер өткен аптада осындай акция өткізіп, оны Facebook-те тікелей эфирде көрсеткен.

Данияның Сыртқы істер министрлігі өткен акция жайлы пікір білдірді. Ведомство өкілдері наразылық білдіру акциясын қолдайтынын, алайда ол бейбіт түрде өтуі тиіс екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 28 маусымда Швеция полициясы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі бас мешітте Құранды өртеп жіберу демонстрациясына рұқсат берген. Акциядан кейін Бағдатта жүздеген наразылық білдірушілер Швеция елшілігіне шабуыл жасап, ғимаратты өртеп жіберді. Елшілік қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

 

Карима ЖҰМАҒАЛИ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті