Балалар • 25 Шілде, 2023

Енді ведомствоның рұқсатынсыз балалар шетелге шыға алмайды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев енді балаларды шетелге шығару үшін ведомствоның рұқсаты қажет болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді ведомствоның рұқсатынсыз балалар шетелге шыға алмайды

Министрдің айтуынша, қазақстандық балаларды Қырымға әкетудің жаңа фактілері жоқ.

«Білім басқармалары мен білім беру ұйымдарына ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеті қойылған. Бұл ең алдымен балалардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Министрлік балаларды барлық қауіптерден қорғау бағытында әрдайым өз саясатын жүргізеді», деді Ғани Бейсембаев.