Алматы • 25 Шілде, 2023

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының құрылғанына 80 жыл

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күнге орай Алматы қаласындағы Офицерлер үйінде салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының құрылғанына 80 жыл

Салтанатты шараға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің басшылық құрамы, әскери қызметшілер, бөлім ардагерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Қатысушыларды 97617 әскери бөлімінің командирі полковник Әділ Субебаев атаулы күнмен құттықтады.

Құрметті қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жеке құрамға жылы лебіздерін білдіріп, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Бөлімнің мерейтойына орай кітап шығарылып, деректі фильм түсірілген. Онда әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының тарихындағы маңызды кезеңдер көрсетілді.

97617 әскери бөлімінің тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарынан басталған екен. 1943 жылдың мамыр-маусым айларында Ростов облысының жоғарғы Тарасов станциясында Дала майданының 46-армиясында 1651-ші ӘШҚҚ армия артиллериялық полкі құрылады. 1943 жылы 25 шілдеде оған полктің Қызыл Туы беріледі. Бұл күн әскери бөлімнің құрылған күні ретінде тарихта қалған.

Полктің жеке құрамы Будапешт пен Венаны азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін ол Австриядан Чехословакияға дейін марш жасайды, онда Нейм-Бенешев қаласында бейбіт уақыттағы жауынгерлік оқуды бастайды, 1961 жылы полк 97617 әскери бөлімі ретінде қайта құрылған екен.

Салтанатты шара барысында бөлімнің мерейтойына орай ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтегі сарбаздарға мерейтойлық медальдар табысталды.