Білім • 26 Шілде, 2023

NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті

111 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Назарбаев университеті мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару магистратура бағдарламалары беделді NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті. Сөйтіп, аталған университет АҚШ-тан бөлек, NASPAA аккредиттелген магистрлік бағдарламасы бар әлемдегі 13 оқу орнының біріне айналды.

NASPAA-ның аккредиттеуінен өтті

NASPAA – мемлекеттік басқару сала­сындағы білім берудің халықаралық қауым­­дастығы – мемлекеттік және муни­­ципалдық басқарудағы магистрлік бағ­дар­ламаларды аккредиттеу сала­сын­да­ғы байырғы бірлестіктердің бірі. Бұл мем­ле­­кеттік басқару саласындағы жалпы таныл­ған білім стандарты.

Осындай тамаша жетістік Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік сая­сат­ мектебінің еліміздің және аймақ­тың мем­ле­кеттік саясат пен басқару сала­сы бо­йынша білім берудегі көшбасшы ретін­де­­гі ұстанымын одан әрі нығайта түседі.

NASPAA-ның аккредиттеуі  – аталған жоғары оқу орнының студенттеріне көп­­те­ген артықшылық береді. Бір жағынан, бұл – халықаралық стан­дарт­тарға сай сапа­лы­ білім алуға кепіл­дік. Құзыреттілікті NASPAA-мен сәйкес­тен­діру NU GSPP түлек­терінің талдау, син­тез, сыни ойлау, мәселелерді шешу, дәлел­ді шешім қабыл­дау, тиімді коммуникация және қоғам мүддесі үшін қажетті дағдылар мен білімге ие болуын қамтамасыз етеді.

Назарбаев университеті Жоғары мем­ле­кеттік саясат мектебінің негізгі стра­те­­гиялық серіктесі, Сингапур ұлттық уни­­верситетінің Ли Куан Ю мемлекеттік сая­­сат мектебімен бірлесіп әзірленген. Син­гапурға тәжірибелік білім беру сапарын қамтитын оқу бағдарламасы магис­трант­тарды табысты мансапқа да­йындап, қоғамдағы өзгерістерге тиімді әсер етеді.

Сондай-ақ 2019 жылы Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистрлік бағдарламалары EAPAA – мемлекеттік басқару бағдар­ла­­маларын аккредиттеу жөніндегі Еуро­па­лық­ қауымдастығының толық аккредитация­сын алған болатын

 – Біз NASPAA мен EAPAA-ның толық аккредиттеуінен өткен екі магис­тр­­лік бағдарламасы бар әлемдегі жал­ғыз оқу орны болғанымызды мақтан тұта­мыз. Бұл ерекшелік біздің бағдар­ла­ма­ларымыздың жоғары сапасы­ мен жауап­кершілігін көрсетеді. NASPAA-ның аккредиттеуінің арқасында біз Қазақстаннан және басқа елдерден мемлекеттік қызметкерлерін тартамыз деп үміттенеміз, – деді мектеп деканы Венг Тат Хуэй мырза.

Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мемлекеттік саясат пен басқару саласында жоғары сапалы білім беруді мақсат тұтқан Орталық Азиядағы жетекші мемлекеттік саясат мектебі саналады. Ол 2012 жылы ашылғаннан бастап, Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестік орнатқан. NU GSPP-нің Орталық Азиядағы таңдаулы мемлекеттік саясат мектебі ретінде орнығуы үшін де ауқымды жұмыс істеп жатыр. Бүгінде Жоғары мемлекеттік саясат мектебі білім беру барысында Орталық Азиядағы инновациялық және озық магистратура бағдарламаларын ұсыну үшін ғылыми зерттеулерді қамтиды.