Бокс • 26 Шілде, 2023

Қазақстандық боксшы Мұхаммед Әлидің жиенімен бір кеште өнер көрсетеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемнің үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Қазақстандық боксшы Мұхаммед Әлидің жиенімен бір кеште өнер көрсетеді

Талсе қаласында (Оклахома, АҚШ) «Андерсон — Руденко» бокс кешінде өнер көрсететін 26 жасар боксшы рингке 26 тамызда шығады. Кездесуі сегіз раундқа жоспарланған жартылай орта салмақтағы А.Жүсіповтің жұдырықтасатын қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Кештің негізгі жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жан Кособуцкиймен нигериялық Эфе Аджагба кездеседі.

Басты жекпе-жекте жеңіліп көрмеген америкалық Джаред Андерсон украиналық Андрей Руденкомен шаршы алаңға шығады.

Кеш аясында 2020 жылғы Олимпияда чемпионы өзбек Баходир Жалолов, есімі аңызға айналған Мұхаммед Әлидің жиені Нико Али Уолш өнер көрсетеді.