Көрме • 26 Шілде, 2023

Павлодарда «сөйлейтін» көрме ашылды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында қоғамдағы өткір мәселелерді көтерген сурет туындылары қойылған көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда «сөйлейтін» көрме ашылды

Фото:@Pavlodarnews.kz

Аңсаған Мұстафаның 50 туындысы қойылған көрмедегі суреттерде қарттар үйіне  тапсырылған қариялар, басқа да түрлі келеңсіздіктер мен қоғамға қауіп келтіретін жағдайлар бейнеленген, яғни, көрме суреттері қоғамдағы мәселелер жайлы «сөйлейді».

Қазақстандық суретшінің сөзінше, біздегі мәселелер шетелдерде де бар, мысалы, ол біздегідей мәселелер Бразилияда да болуы мүмкін деп ойламаған. Бұл көрме 15 жыл бойы әлемді шарлап, ондаған елге қойылған.

Суретші келешекте экология және ауыз су тақырыбында суреттер салуды жоспарлап отыр. Көрме тамыз айының 20-сына дейін жалғасады.