Qazaqstan ұлттық арнасының жазуынша, жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелді. Қазақстан намысын 51 бала қорғады.
Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келетінін айтты.
«Жарыс АҚШ-та Нью-Йорк қаласында өтті. Біз ол жерде әлемнің ең күшті университетінің бірі Колумбия университетінде болдық. Одан соң Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Олар - ең күшті университеттердің бірі. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», деп өз арманымен бөлісті Әли Насырбек.