Спорт • 26 Шілде, 2023

Елордада арбадағы теннистен біріншілік өтеді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада алғаш рет арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада арбадағы теннистен біріншілік өтеді

Фото:Астана әкімдігінің ресми сайты

Жарыстың мақсаты – арбадағы теннис спортын өркендету, аңықталған үздік спортшыларды ұлттық құрама сапына іріктеу.

Елімізде енді дамып келе жатқан бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтіп, оған 6 өңірден 20 спортшы қатысқан еді.

27 шілде күні сағат 10:00-де «Дәулет» теннис орталығында өтетін аталмыш біріншілікке еліміздің 7 аймағынан 40-қа жуық спортшы қатысады.