Аймақтар • 26 Шілде, 2023

Жамбыл облысындағы су арналарының жағдайы қандай?

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысының Жамбыл ауданында болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жамбыл облысындағы су арналарының жағдайы қандай?

Фото: senate.parlam.kz

Сенатор Тастөбе ауылындағы 500-ге жуық тұрғынды жұмыспен қамтып отырған «Қызылдихан» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Аймақтағы су арналарының жұмысынан хабардар болған депутат Бекболат Орынбеков өңірдегі суармалы жерлер мәселесі өткір екенін назарға алып, суару техникасын уақытылы және сапалы жөндеу жүргізу облыстың дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

«Қазіргі уақытта ҚР Сенатының депутаттары еліміздің өмірінде ерекше орын алатын аса маңызды заңдарды қабылдады. Енді қабылданатын заңдардың сапасын арттыру мақсатында шалғайдағы ауылдық аудандардағы қарапайым тұрғындармен де пікір алмасамыз. Аудан тұрғындарының ұсыныстарын ескере отырып қабылдағанда ғана заң сапалы болады», деді депутат.

Сенатор жұмыс сапары барысында Мойынқұм, Талас, Байзақ аудандарында және Тараз қаласында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен кездесті.

Фото: senate.parlam.kz