Ауа райы • 27 Шілде, 2023

Он бір аймақта 43 градус ыстық болады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Он бір аймақта 43 градус ыстық болады

Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл соғады.

Тек республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Ел бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Түркістан, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Абай облыстарында, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42-43°С өте қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.