Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов: «Былтыр көктемде Қазақстанның 60 ауданы бойынша жайылым алқаптардың 26,2%-ы өте нашар және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталды», деді.
Ал биыл көктемде жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 40% жайылым жердің жағдайы өте нашар, 4 млн гектар жайылым жер қатты деңгейде деградацияланған, өсімдіктердің орташа өнімділігі – гектарына 4,6 центнер.