Қоғам • 28 Шілде, 2023

Сусабынның жаңа түрі

1028 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда Абай атындағы оқушылар орталығы 7-11-сынып оқушылары жиі бас қосатын мекенге айналды. Өйткені STEAM бағытында білім беруге арналған JasSpace бағдарламасы бар. Мұнда жаңашылдықты жаны сүйетін оқушылар түрлі ғылыми жобаға қатысып, жаңа өнімдер ұсынып келеді.

Сусабынның жаңа түрі

Жақында бір топ оқушы «Мәңгі тірі су» жазғы қарқынды курсынан тә­лім алды. Оқушылар қосымша білім жетіл­діріп қана қоймай, табиғи сусабынды жасап шығарды. Сусабынның авторлары – Аружан Абдулғазиева, Бибінұр Ғабдыжан және Уәлитхан Батырбаев.

Ғылымға ден қойған жас өрендердің табиғи өнімінің құрамында сульфат, хлорит секілді химиялық қоспалар жоқ. Сол себептен оған Eco-way деген атау берілген.

«Күнделікті тұтынуға болатын әм­бебап сусабын құрамында табиғи қос­па­лар мен органикалық заттар бар. Біздің сусабын шашты нәрлендіреді, қайызғақтан тазартады. Өзіміз жасап шығарған сусабынды өзім қолданып жүрмін», дейді Уәлитхан Батырбаев.

«Мәңгі тірі су» жазғы қарқынды курсының тренері Әсел Оңдашеваның айтуынша, оқушылар жасап шығарған экосусабын зиянды емес. Сондықтан оны кішкентай балаларды жуындыруға пайдалануға болады.

«Бүгінгі нарықта сусабынның тү­рі көп. Бірақ сусабындар құра­мын­да­ғы сульфаттар аллергия туғызып, шаш­­­тың түсуіне әсер етуі мүмкін. Мұ­ны көпшілік ескере бер­мей­ді. Ал аты­раулық оқушылар жасап шы­ғарған суса­бынның құрамында сульфат жоқ. Адам­ның көзін ашытпайды. Енді жобаны әлі де жетілдіруді ойластырып отыр­мыз», дейді Әсел Оңдашева.