Дінмұхамед Ермеков облыстық бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және өңір әкімінің өкімімен тағайындалды.
Д.Ермеков 1992 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» және «Қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2014 жылы «Парасат Снаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері ретінде бастаған.
2014-2015 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінде, Мәтібұлақ ауылдық округі әкімі аппаратында, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінде бас маман қызметінде еңбек етті.
2015-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қорғаныс және және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде сарапшы, бас сарапшы ретінде қызмет атқарды.
2018-2021 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бас консультанты, бас сарапшысы, Президент Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты жауапты қызметтерінде болған.
2023 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.