Фото: Оқу-ағарту министрлігі. Инстаграм.
Спутниктік робот техникасы үйірмесіндегі оқушылар бір жыл ішінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіпті. Олар ғарыштағы наноспутникпен байланыс орнатып, ауа температурасы, қысым, ылғалдылық пен ауаның ластануы туралы мәліметтер жинаған екен. Былтырғы жылы атмосфераның жоғарғы қабатына, сенсорлармен және камералармен жабдықталған салмағы 1-ден 10 келіге дейін ғана болатын шағын ғарыш аппараттарын, яғни, 2 заманауи наноспутник ұшырылып, атмосфераға қатысты біршама ақпарат алыныпты.
Болашақ ғалымдар енді қазан айында жұлдызды аспанды зерттеуге көмектесетін тағы бір наноспутник құрастыруды жоспарлап отыр.
Аталған үйірмеге 12 жастан асқан ғылымға, технологияға, техника мен математикаға қызығатын кез келген оқушының қатысу мүмкіндігі бар.