Елорда • 30 Шілде, 2023

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Достық көшесінде және Оқжетпес пен Медеу көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Елордада бірнеше көше уақытша жабылады

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, жол төсемін жөндеу жұмыстары Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты Мәңгілік Ел даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы 29 шілде күні ішінара жабылған, сол секілді Достық көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралығы 30 шілде күні толығымен жабылады.

Сондай-ақ 29-30 шілде күндері Оқжетпес және Медеу көшелері қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.