Спорт • 31 Шілде, 2023

Жазғы Универсиада: Ел қоржынына алғашқы «алтын» түсті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жазғы Универсиада: Ел қоржынына алғашқы «алтын» түсті

Финалда 46 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық таэквондошы Рита Бакишева Қытай өкілі Хуан Инь Суаньді жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Айта кетсек, Қазақстан құрамасының Универсиадада жеңіп алған медальдер саны 11-ге жетті, ел қоржынында бір алтынға, бес күміс пен бес қола медаль бар.