Қоғам • 01 Тамыз, 2023

Қызмет көрсететін нысан

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автомагистральдер бойындағы қызмет көрсету орындары жыл сайын көбейіп келеді. Өткен аптада тағы бір жолаушыға қызмет көрсететін нысан өз есігін жұртқа айқара ашты.

Қызмет көрсететін нысан

Республикалық маңызы бар «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 126-шы шақырымында, магистральдің оң жақ бойында жалпы ауданы 540 м2 құрайтын, жолдағы жұртқа қызмет көрсететін нысан өз жұмысын бастады. Бұл нысанда сауда және тамақтану пунктері, көліктерге арналған тұрақ, эстакада және ерлерге, әйелдерге, ерекше қа­жеттілігі бар жандарға арналған абат­тан­ды­рыл­ған санитарлық-гигиеналық тораптар толық қарастырылған.

«Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тасжолының Қарағанды облы­сы­ның Родниковский ауылынан Павлодар об­лы­сы­ның шекарасына дейінгі аралығы жөн­де­ліп, пайдалануға берілді. Жолдың бұл бөлігі Қарағанды және Павлодар облыстарын байланыстырады. Осы жол арқылы тәулігіне 8 мыңға жуық көлік қатынайды екен.