Құрылыс • 01 Тамыз, 2023

Күрделі жөндеу басталды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау мен Атбасар арасын жалғап жатқан күрежолдың жағдайы көптен бері жұрт аузында жүр еді. Өткен аптада оны жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Күрделі жөндеу басталды

Аталған жолдың жалпы ұзындығы 55 ша­қырым болады. Ол – Зеренді ауылы мен Бал­қашын елді мекеніне дейінгі аралық. Бұл жол Зеренді мен Сандықтау аудандарын көктеп өтеді. Учаскеде 30-ға жуық арнайы техника мен 50 маман-қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.

Осы жылдың құрылыс маусымында «Қа­ра­ғанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» күре­жо­лы­ның жеті учаскесі жөндеу жұмыс­тарымен қам­тылғаны мәлім. Оларда жол жамылғылары жаңартылып, су өткізгіш құбырлар мен жаңа авто­павильондар орнатылады.

Мысалға алып қарасақ, Абай өңірінде жөндеу жұмыстарымен Ақсуат пен Ащысу ауылдарына жақын жердегі екі учаске және Аягөз қаласынан шыға берістегі жол қамтылды. Ал Қарағанды облысында Матақ ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі төрт жол учаскесінде жол жөндеу жұ­мыс­та­ры қызу жалғасып жатыр.