Қазіргі кезде оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге 11 баспа тартылған. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтердің оны пайдалануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылған.
– Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған, – деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек
Жұмашев.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, электронды оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары да жиі қолданылады. Қазір 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалды.
2023 жылдың басынан бастап цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллиондай оқушы мен мұғалім қолданып келе ді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныпты қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.