Қоғам • 03 Тамыз, 2023

Алқапты қоқыстан тазартты

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында сенбілік өткен еді. Сенбілікке қатысқан еріктілер 30 қаптан аса қоқыс жинаған.

Алқапты қоқыстан тазартты

Өкінішке қарай, Қарағанды – Теміртау тасжолы­ның бойы және іргесіндегі орман алқабы қоқысқа толған. Мұнда қала тұрғындары келіп, демалыс өткізеді. Бірақ өздерімен бірге қоқыс қалдығын ала кетуді әдетке айналдырмай, табиғатты аялай алмай отыр. «Қоқыс әртүрлі қапқа сұрыпталды. 14 қап – пластик, 3 қап – металл бұйымдар, 6 қап – шыны, 4 қап – қағаз, 4 қабы аралас қоқыс шықты. Мұның бәрі бірден қайта өңдеуге жіберілді», дейді ұйымдас­тырушылар.

Акцияға қатысушыларға қажетті құрал-жабдық­тар мен жүк тиейтін көлікті басқарма басшылығы қам­та­масыз етті. Сондай-ақ акция соңында ұйымдас­тыру­шылар сенбілікке қатысқандарға табиғат аясында дастарқан жайды.

 

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Egemen Qazaqstan»