Ведомствоның мәліметінше, өрт 2 тамызда сағат 17:09 шамасында тұтанған. Қызыл жалын 4 гектар аумақты шарпыған.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 1 өрт сөндіру техникасы, Астана қаласы ТЖД-нан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрт 3 тамызда сағат 03:50-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», деді ведомстводан.
Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.