Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Дәулеталиев ауылды сумен қамтамасыз ететін сорғы істен шыққанын алға тартты. Апаттан кейін 4 күн өтсе де, мамандар бұл мәселенің шешімін әлі тапқан жоқ.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түнде су бірнеше сағат бойы ағып тұрған, бірақ қысым өте әлсіз болды.
«Бүгін түнде қызмет көрсететін ұйым мәселені шешуге уәде беріп отыр», деді әкім.
Айта кетсек, Панфилов ауылында 13 мыңға жуық адам тұрады.