Білім • 04 Тамыз, 2023

«IT-медицинаның» алғашқы түлектері

228 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы «IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасының алғашқы 38 түлегі диплом алды. Қолдарына жаңа диплом алған жас мамандар маңызды саланың, яғни ақпараттық технологиялар мен денсаулық сақтау жүйесінің байланыстырушы буыны болады.

«IT-медицинаның» алғашқы түлектері

Жаңа білім беру бағ­дар­­ламасын бакалавриат­ дең­гейінде 2019 жылы екі жоғары оқу орны – Əбілқас Сағынов атындағы Қарағанды тех­никалық университеті жəне Қарағанды медицина уни­вер­ситеті қол­да­нысқа енгізген болатын. Осы мамандыққа оқуға түскен
80 студент денсаулық сақтауда қолданылатын ақпараттық технологияларды, бағдарламалау құралдарын, мəліметтер базасын, биомедициналық ақпаратты өңдеу жəне талдау əдістерін үйренеді.

«IT-медицина» білім беру бағ­дарламасы бойынша диплом ал­ған түлектердің қатарында Та­мыр­лан Алдоңғаров та бар. Жас ма­ман оқуын озық тәмамдап отыр.­­ Қолында қызыл диплом. Әрі қарай магистратураға түсуге ниетті.

– Əуел баста мен универси­тетке түсуге дайындалып жат­қанда бағ­дарламашы болғым келген. Ұлт­тық бірыңғай тест тапсырдым жəне тех­никалық университетте менің сала­ма сəйкес келетін бірнеше бағ­дар­лама бар екенін білдім. Мені ІТ-медицина қызықтырды. Бұл – бейін­ді жəне қиын мамандық. Ағам облыстық онкологиялық орталықта хирург-онколог болып жұмыс істейді. Өзім жай бағдарламашы емес, өмірімді медицинамен байланыстырғым келетінін түсініп, қадам жасадым. Оның үстіне елімізде осын­дай мамандардың жетіс­пе­у­шілігі де сезіледі. Оқу­ды əрі қарай жалғастырғым келе­ді, дамимын, міндетті түрде магис­тра­тураға түсемін, – дейді президент­­тік стипендиат Тамырлан Алдоңғаров.

Əбілқас Сағынов атындағы Қара­ғанды техникалық универ­си­тетінің ақпараттық-есептеу жүйе­ле­рі кафедрасының мең­ге­рушісі Алек­сей Калинин ІТ-дəрігер жарқын болашақтың кəсібі екенін, меди­цина саласында заманауи ақпа­раттық тех­­­но­логиялардың көбейіп жат­қанын атап өтті.

– Отандық медицинада көп­те­ген заманауи ақпараттық технологиялар күн сайын енгізілу үстінде десек, қателеспейміз. Бүгінгі дəрігер зерттеу жүргіз­геннен кейін деректерді өңдеу керек. Бізде медициналық оқы­тумен техни­ка­лық оқытуды толықтыру жүріп жатыр. Оқу төрт жылға созылады. Осы арқылы мамандарымыз бірден екі салада құзыретті болады, – дейді Алексей Калинин.

Жаңа бағдарлама бойынша оқитын студенттер емханалар мен дəріханаларда тəжірибеден өтеді. Қазіргі уақытта медициналық деректерді өңдеумен айналысатын ІТ-мамандарына үлкен қажеттілік бар. Қазірдің өзінде ІТ-дəрігерлер республикалық медициналық зерттеу орталық­та­рында үлкен сұранысқа ие. Оқуды жалғастыруға да болады. Мысалы, Қарағанды меди­цина университетінің «Био­ме­ди­цина» білім беру бағдарламасына магис­тратураға құжат тапсыру мүм­кіндігі де қарастырылған.

– Биомедицина – бұл бар­лық­ жаратылыстану-ғылыми ма­ман­­дық­тардың өкілдерін шақы­ра­тын кең бағыт деп айта ала­мын. Бұған биоинформатика­ да кіреді. Геном құрылымын мате­матикалық əдістермен зерттеу жəне молекулалық-генетикалық механизмдерді, патологиялық үде­ріс­­тердің тетіктерін зерттеу нысаны етуге болады. ІТ-дəрігерлер – келешектің əмбе­бап мамандары, – дейді Қарағанды медицина уни­вер­­ситетінің стратегиялық даму жəне халық­аралық ынтымақтастық жө­ніндегі проректоры Виктор Риклефс.

«ІТ-медицина» бағдарламасы бо­йынша оқығандар өзі қабыл­дан­ған университеттің дипломын алады. Бұл – ақпараттық-ком­му­никациялық технологиялар бакалавры немесе денсаулық сақ­тау бакалавры. Əр дипломға екі уни­ве­р­ситеттің пəндері мен баға­ла­ры бар екі транскрипт бар.

Биыл жаңа білім беру бағ­дар­ла­масына талапкерлерді қабылдау жал­ға­сатынын да қаперге сала кетейік.

 

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Egemen Qazaqstan»