Спорт • 04 Тамыз, 2023

Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында бір алтын, бір қола жүлде

1731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БАӘ астанасы Абу-Даби қаласында 12-17 жас аралығындағы жаcөспірімдер арасында аралас жекпе-жектен өтіп жатқан әлем чемпионатында еліміздің екі спортшысы топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында бір алтын, бір қола жүлде

46 елден 653 спортшы қатысып жатқан әлемдік ауқымды қамтыған дүбірлі додада еліміздің қоржынына бір алтын, бір қола жүлде түсті.

Финалда ливандық спортшы Омар Антарды жеңген 40 келіге дейінгі салмақтағы маңғыстаулық Еркебұлан Иманғали әлем чемпионы атанды.

Ал жартылай финалға шыққан түркістандық Орынбасар Пердебек 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды.

Аталмыш әлем чемпионатында еліміздің намысын 14-15 және 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер құрамасының 35 мүшесі қорғап жатыр.