Футбол • 04 Тамыз, 2023

«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші кезеңіне өтті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Швейцарияның «Базель» командасымен кездесті.

«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші кезеңіне өтті

Қос қарсылас алғашқы таймның ортасына дейін текетірес ойын көрсетті. Жиырма алтыншы минутта қонақтардың ортадан ұйымдастырған өткір шабуылының нәтижесінде жартылай қорғаушы Антон Каде есеп ашты. Есеп – 0:1.

Ойынның отыз бірінші минутында алаң иелері өз айып алаңында тәртіп бұзып, төреші 11 метрлік айып соққысын белгіледі. «Базельдің» бойшаң шабуылшысы Жан-Кевин Огустин мүлт кетпеді. Есеп 0:2-ге жетті.

Қырық үшінші минуттағы оңтайлы сәтті пайдаланып шабуылға шыққан  «Тобылдың» африкалық легионері Серж Дебленің екпініне ешкім тосқауыл бола алмады. Қонақтар өз қақпасына төнген ала допты қолмен тоқтатуға мәжбүр болды. «Базельдің» айып алаңында белгіленген он бір метрлік айып соққысын Сердж Дебленің өзі сәтті орындады.

Жалпы есеп - 4:3. Конференция лигасының үшінші кезеңіне өткен «Тобыл» енді Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасымен өткізеді. 
Пп
Мм

Соңғы жаңалықтар