Спорт • 06 Тамыз, 2023

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлде түсті

1195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жүлде түсті

Қазақстандық балуандардан алғашқы жүлде иегері болған 110 келі салмағындағы Едіге Қасымбек әлем чемпионатында күміс медальды қаңжығасына байлады.  

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан 45 келіде Нұрмұхамед Тұрдалы, 71 келіде Нұрдәулет Сейілбеков, 92 келіде Самир Дурсунов өз салмақтары бойынша финалдық белдесулерге шығады.