Қоғам • 06 Тамыз, 2023

Қарағандыда шахта жұмысшысы үйінді астында қалды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахтинск шахтасында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағандыда шахта жұмысшысы үйінді астында қалды

Бүгін таңертең бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде 34 жастағы жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойған.

«6 тамызда «Шахтинск» шахтасында зәкірді бұрғылау кезінде кенжардың жоғарғы бөлігінен тау-кен массасының шоғыры опырылып, құлаған. Салдарынан үңгуші жарақат алды», деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

УПР-1 учаскесінің қызметкерлері үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден оны шахтаның бетіне шығарған. Содан кейін реанимациялық-шокқа қарсы топ бригадасы зардап шеккен кеншіні Қарағанды қаласындағы Х. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізген.

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58