«11 тамызда ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Б.Османидің ел басшылығымен, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Премьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесулер жоспарланып отыр», деді Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық брифинг барысында.
ҚР СІМ өкілінің айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, еліміз бен Солтүстік Македония ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланады.