Әскер • 08 Тамыз, 2023

Қарулы күштер дайындығы

87 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы, Қонаев гарнизондарына жұмыс сапарымен барып, Құр­лық әскерлерінің әскери институтын, десанттық-шабуылдау брига­дасын және Тау дайындығы орталығына ат басын бұр­ды.

Қарулы күштер дайындығы

Құрлық әскерлерінің әскери институтында министр талапкерлермен әңгімелесіп, оларға емтихандарын сәтті тапсырып, алдағы оқулары мен қызметтеріне ақ жол тіледі. Сондай-ақ ол білім ордасы басшылығының материалдық-техникалық базаның жай-күйі, профессорлық-оқытушылар құ­ра­мымен жасақталуы және оқу орнының даму перспективалары туралы баяндамасын тыңдады.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов әскери оқу орнының жеке құрамымен кездесуде Пре­зи­денттің бүкілармиялық ке­ңесте алға қойған Қарулы күш­тер­дің зияткерлік қабілетін арттыру міндеті көбінесе әс­кери ғылымның деңгейіне, оқу бағ­дарламаларының маз­мұ­нына және әскери оқу орны педа­гог­те­рі­нің кәсібилігіне байланысты екенін атап өтті.

Құрлық әскерлері әскери инс­титутының «Іле» полигонына барған Қорғаныс министрі әскери оқу орны қызметінің ғылыми құрамдас бөлігін күшейтумен қатар курсанттардың практикалық дағдыларын иге­руіне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Руслан Жақсылықов Тау дайындығы орталығында оқу және спорт корпустары, атыс тирі, скалодром, тау белдеуі кедергілері, пайдалануға беруге әзірленіп жат­қан инфрақұрылымды дамыту жоспарымен танысты. Министр казармаға, асханаға және қала­шық­­тың басқа да әлеуметтік нысандарына барды.

Қонаев гарнизонындағы де­санттық-шабуылдау бри­гада­сын­дағы жұмыс барысында генерал-полковник Руслан Жақсылықов Т-72 танк­те­рі экипаждарының су тосқауыл­дарын еңсеру және суда жүр­гізу бойынша практикалық сабақ­тар­ына қатысты.

Сапар қорытындысы бойынша қорғаныс ведомствосының басшысы әскери объектілердің инфрақұрылымын жетілдіру, жа­уын­герлік даярлықты арттыру және мерзімді қызмет сарбаздары үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.