Министрдің айтуынша, қазір мектепте болған өлімнен кейін тергеу жүргізіліп жатыр.
«Кешеден бастап білім басқармасына мектептердің барлық спорт алаңдарын тексеру тапсырмасы берілді. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірінде де спорт алаңдары мен жабдықтары тексеріледі», деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, Астанада 7 тамызда 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Оқушы жарақат алып, қайтыс болды. Елордалық білім басқармасы бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.