Құқық • 08 Тамыз, 2023

Құқық бұзушылығы анықталса, шағын көліктерге де айыппұл салынады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда, енді шағын көліктерге де айыппұл салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқық бұзушылығы анықталса, шағын көліктерге де айыппұл салынады

Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заң­намалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заңға қол қойғаны мәлім. Ресми түрде жарияланған аталмыш Заң 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Сол заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға тү­зетулер енгізіліп, көлік құрал­да­рының жаңа түр­лері:  «Шағын электр көлік құралда­ры» мен «Электр скутерінің» мәртебе­лері анықталды. 

Ги­роскутерлер, сигвейлер, моно­көліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері шағын электр көлігі ретінде саналады.

Ал электроскутер - екі не­месе үш дөңгелегі бар, электр қоз­ғалтқышын пайдалану ар­қылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конс­­труктивтік жыл­дамдығы са­ға­тына 25 шақы­рымнан ас­пайтын көлік құралы.

Құқық бұзушылықтар анық­талған жағдайда, бұл шағын көліктердің иелері ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тар­тылады.